Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАтырау облысында 100 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 қыркүйек күні Атырау облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Исатай ауданы, Сарыөзек ауылының тұсында 30 жастағы тұрғынның басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер