Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде «Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, табиғат қорғау заңнамасының 972 бұзушылығын анықталған. Нәтижесінде 669 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар балық түрлеріне заңсыз браконьерлік фактілер бойынша 36 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 15,7 млн теңге айыппұл салынды.
Заңсыз айналымнан 68 тонна 300 кг балық, оның ішінде 1001 кг бекіре, 29,5 кг бекіре балығының уылдырығы, 295 бірлік балық аулау құралдары, 76 бірлік су көлігі және 13 автокөлік тәркіленді.
Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті тыралдау нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 74 км-ден асатын 743 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды, - дейді Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов.
Акция барысында Атырау облысының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен Исатай, Жылыой және Құрманғазы аудандары, Дамба бағыты, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының су айдындары сияқты ең криминогенді учаскелер пысықталды.
Сонымен қатар акцияға Шекара қызметінің, көліктік бақылау инспекциясының және резерваттың әскери қызметшілері белсенді қатысқан.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары