19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
31 қазан күні сағат 14:21 шамасында "102" арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, - делінген мәліметте.
Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.
28 жастағы тұрғын өміріндегі қиындықтарға байланысты суицид жасамақ болғанын айтты. Ол жедел-тергеу тобына тапсырылған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары