10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтырау облысында жыл басынан бері жасөспірімдердің жоғалуына қатысты 365 дерек тіркелді, – деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Фархад Ислямов 351-і тәулікке жеткізілмей аман-сау табылып, үйіне жеткізілгенін атап өтті.
Қалған балалар 1-2 күн ішінде анықталды, өкінішке қарай бір жасөспірім өз-өзіне қол салып өзеннен өлі денесі табылды. Жалпы, қазіргі таңда департамент қызметкерлерінің іздеуінде 16 із-түссіз жоғалған азаматтың ақпараты бар. Оларың кейбіреуі 2015 жылдардан бері іздеуде тұр. Басым бөлігі ер адамдар. Олардың ақпараты республикалық жоғалғандар базасына енгізіледі және тұрақты басылым беттерінде жарияланып тұрады, – деді ол.
Фархад Ислямовтың сөзінше, қандай да бір ақпарат болса бірден тиісті іс-шаралар қабылданады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді