Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАтырау облысында Volvo жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander-мен соқтығысты. Жол апатының салдарынан жеңіл көлік өртеніп, екі адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Жол-көлік апаты бүгін, 4 ақпанда Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданының аумағында болған.
Жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында республикалық маңыздағы Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 873-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Аталған жолдың Құрманғазы ауданындағы Бөкейхан ауылына жақын тұста Volvo маркалы жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінің рульінде 1958 жылғы жүргізуші болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранды. Жеңіл көліктің 1964 жылғы жүргізушісі мен 59 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс