Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікVolcanoDiscovery порталының мәліметінше, бүгін жергілікті уақыт бойынша 11:44-те Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қаратон елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 29 шақырым жерде орналасқан.
Куәгерлердің айтуынша, Теңіз кен орны аумағында құрылымдардың дірілдеп, шайқалғаны сезілген. Жер сілкінісі шамамен бес секундқа созылған.
Бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) ресми түсініктеме берді:
Бүгін сағат 11:44-те Атырау облысы Жылыой ауданы, Теңіз кен орны аумағында сезілмейтін жер сілкінісі болды. Халық тарапынан қоңыраулар түскен жоқ, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен зақымданған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісінің салдары нақтылануда.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер