22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырау облысында «Дәрмек» ЖПІШ аясында ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ бақылаудағы заттардың заңсыз саудасы фактілерінің жолын кесу мақсатында республика көлемінде «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ қызметі лицензиялауға жататын емдеу-профилактикалық дәріханалық, ветеринариялық, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдарының заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкелері іс-шара барысында Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінің лабораторияларына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу) – 2, ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) – 1 және 427-бабы (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) бойынша 2 дерек анықталды.
Сондай-ақ Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленіп, құжаттар жинақталып, сараптама тағайындалды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев