Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мамандар Атырау қаласының тұрғын аймағындағы 29 нүктеден және Құлсары қаласындағы 17 нүктеден ауа сынамаларын алды. Осылайша, қаңтардан қазанға дейін олар тұрғын ауданнан 24 ингредиент бойынша 8038 ауа сынамасын тексерді. Олар атмосфералық ауада керосин, бензин, күкірт диоксиді, изопропилбензол және көміртекті тапты.
«Облыстағы атмосфералық ауаны ластау мәселесін шешу үшін атмосфералық ауаны ластайтын нысандарды анықтау мақсатында құзырлы органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Мәселен, хат негізінде 2022 жылы Атырау облысы бойынша экология департаментінен «Атырау МӨЗ» ЖШС (Атырау МӨЗ), «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС-не атмосфералық ауадағы көмірсутектердің, көміртегі тотығының және көмірсутектердің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету фактісі бойынша әкімшілік шаралар қолданылды, яғни 5 880 960 теңге көлемінде айыппұл салынды», делінген комитет хабарламасында.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді