Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы да газ алауы жанды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 8 мамырда параксилол өндіретін Paramax (PX) технологиялық қондырғысын іске қосу шарасы жүргізілген. Алайда кешкі сағат 19:18-де алдын ала фракцияға бөлу бағанын ыстық циркуляцияға шығару кезінде қысым клапанының жұмысынан ақау шыққан.
Сол себептен, технологиялық контурда қысым жоғарылады. Апаттарды жою жоспарына сәйкес жабдықтың герметикалық қасиетінің бұзылуын болдырмау мақсатында жағдай тұрақталғанға дейін газ уақытша факелге жіберілді, - деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен.
Облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қаласында орналасқан атмосфералық ауа сапасының мониторингі станцияларының көрсеткіштеріне талдау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Енді экологтар «Атырау МӨЗ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай зауытының мұржасында жарты сағатқа жуық от алаулаған болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?