Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАтырау қаласы маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Аспа ауылында МКДСР мекемесімен бірігіп су тасқынынан қорғау жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл іске 30-дан аса техника жұмылдырылып, су басу қаупі бар аймақтар анықталып жатыр.
Жайық өзені бойындағы жыра жерді геодизист мамандармен бірге барлау жұмыстарын жүргіздік. Осыған байланысты Аспа мекенінің төменгі жағына толықтай дамба соғып шығамыз деген шешімге келдік. Одан бөлек жақын орналасқан екі тұрғын үйге қауіп болса, қауіпсіз жерге көшіреміз. Су өрісі келгенге дейін атқарылуы керек жұмыстар түгелдей жасалады, - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев.
Жалпы, Аспа елді мекені қауіпсіз аймақта орналасқан. Бұл ауылды көшіру жөнінде осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып келді. Қазіргі уақытта бұл мәселе қала әкімінің назарында.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды