20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтыраудың Достық үйінде облысқа танымал мұнайшы және қоғам қайраткері, «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің құрметті ардагер мүшесі Эрик Югайдың 70 жылдық мерейтойына арналған.
Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы Институтының директоры Жанна Қыдыралинаның «Эрик Югай. «А годы летят, наши годы, как птицы летят ...» кітабының салтанатты түрде тұсаукесері өтті.
«Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және Астрахань облысынан мерейтой иесінің әріптестері, достары келіп, құттықтау лебіздерін білдірді.
Қазақстан этностарының ел экономикасы мен мәдениетінің дамуына үлестерін зерттеу және көпшілікке таныту – Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі.
Осы бағытта жарық көрген кітапта Эрик Югайдың өмірі мен еңбек жолындағы жетістіктері, өзінің кәсіби табысын жасаған талантты басқарушының қыр-сырын танытатын өмірдеректері жан-жақты қамтылған.
Сондай-ақ, бұл тарихи-деректік басылымда отандық және шетелдік мемлекеттік мұрағаттарының құжаттары пайдаланылған.
Шарада сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шакирова, автор Жанна Қыдыралина кітапта көрсетілген өмірдеректердің жастарға үлгі боларлық тұстарына тоқталып өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?