20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС директоры болып Қуандық Жақиялиев тағайындалды. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қуандық Қалбайұлы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғалім болып (2002-2012) бастаған. Кейін «Атырау» футбол клубында балалар-жасөспірімдер жаттықтырушысы ретінде қызмет атқарып, клубтың футбол орталығын басқарған (2013-2017). Содан соң төрт жыл Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Геолог және Ақсай ауылдық округтерінің әкімі лауазымында болып, артынша Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы және облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты мекеме басшысы қызметтерін атқарған.
Жұмыста өзін тәжірибелі ұйымдастырушы және білікті маман ретінде танытқан Қуандық Қалбайұлының шәкірттері қазіргі таңда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылып, Премьер-лига клубтары сапында өнер көрсетеді. Клубтың жаңа басшысын бүгін ұжымға Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Тұрарұлы Сыдықов таныстырды,-делінген клуб хабарламасында.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?