20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкенттік Жандосовтар әулетінде Төрехан дүниеге келді. Сәбидің әкесі Ернар 24 қыркүйек күні түнде Төрехан Сабырханның жекпе-жегін көргеннен кейін сүйінші хабарды естиді. Көп ойланбастан әкесі ұлына 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшының есімін береді.
Сәби 25 қыркүйек күні дүниеге келген. Төрехан Ернарұлы – отбасындағы кенже ұл. Кәсіпкер Ернар Ақботаұлы мен кондитер Ақбаян Аңсардың жеті баласы бар. Олар 2010 жылы отбасын құрған.
Жолдасым бокс пен дзюдо спортының жанкүйері. Жетінші перзентіміз ұл болатынын естігеннен бері атын Төрехан қоюды жоспарлап жүрді. Мен 24 қыркүйек күні түнде толғатып, таң қылаң бере босандым. Әкесінің айтуынша, сол күні Төрехан Сабырхан Азиада ойындарын сәтті бастап, алғашқы қарсыласын жеңіпті. Бірден қоңырау шалып, есімі Төрехан болатынын хабарлады, – дейді Ақбаян Аңсар.
Көпбалалы ата-ана – тәуелсіздіктің төл құрдасы. Олар бес қыз бен екі ұлды тәрбиелеп отыр. Шымкенттік отбасының қуанышына боксшының өзі де лебізін білдіріп, кішкентай Төреханға тілегін айтты.
Бауы берік болсын! Ер болып ержетіп, елге қорған, жұртқа мақтаныш болсын. Қзаақтың атын әлемге танытатын батыр азамат болсын! – деді Төрехан Сабырхан.
Айта кетерлігі, Ақбаян Аңсар табиғи ашытқыдан нан жауып, соның қыр-сырын түсіндіріп, блог жүргізеді. Осы салада еңбек етіп келе жатқанына 8 жыл болған. Ол салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануды қолдайтындар табиғи ашытқы қосып пісірген нанның құнарын білетінін айтады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?