19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Аттестаттарын қоқысқа тастаған түлектердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірі аттестаттың ресми құжат екенін, онда елтаңба бейнеленгенін жазып жатса, екінші тарап бұл еліміздегі білім сапасына деген наразылық екенін айтуда.
Желі қолданушылары:
«11 жыл алған тегін білімге жауаптарың осы ма?», «Не деген масқара, жазаға тарту қажет», «Білім сапасынан балалардың көңілі қалғанын түсіну қиын ба? Елде білім сапасын жақсарту керек», «Еліміздің болашағы осы» «Менің дипломым дәл осылай керексіз боп жатыр», - деп жазып жатыр.
Естеріңізде болса, 2020 жылы да үш түлек мектеп бітіргенін растайтын аттестатты қоқысқа тастаған. Артынша елтаңба бейнеленген құжатты осылай аяқасты еткен жастар кешірім сұрады:
Құрметті қазақстандықтар, ұстаздар, жасаған қателігіміз үшін кешірім сұраймыз. Аттестаттың біздің болашағымыз үшін маңызы зор екенін түсінеміз. Біз елтаңбаны құрметтейміз. Жасаған әрекетімізге өкінеміз, - деді олар.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары