20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда АТР 250 Almaty Open сериясындағы теннис турнирінің ерлер арасындағы жұптық сын жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир Қазақстан теннис федерациясының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Оған әлемдік рейтингтің үздік отыздығына кіретін теннисшілер бақ сынасты.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Үндістаннан келген Арджуна Кадхе мен Ритвика Боллипаллидің ерлер арасындағы жұптық санаттағы жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты. Ақтық сайыста олар колумбиялық Николас Баррьентос пен тунистік Скандер Мансуриден басым түсті.
ATP 250 Almaty Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион доллардан асады.
Айта кетейік, қала әкімдігі турнир кезінде жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін Almaty Arena спорт кешеніне дейін және кері бағытта тегін автобустар ұйымдастырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?