Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБелгілі әнші Мақпал Жүнісова "Музарт" тобының жеке студиясын сынып, жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Instagram-дағы әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасының "Музарт" тобының ән жазатын студиясының жайын айтқан әнші елді елең еткізді.
Құрметті жігіттер! Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Сәкен Майғазиев! Студияларыңыз өте тозған, баспалдақтан құлап қала жаздадым. Қабырғалары тесік-тесік, ауа да жоқ, өте нашар студия. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, халық келетін, әншілер келетін мына студияларыңызды да тездетіп жөндеңіздер. Атақтарың дардай, ұят емес пе?! Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Біз ән жазып кеттік, бірақ сіздер үшін ұялып тұрмын, - деді ол.
Алайда осылай деген ол кейін бұл райынан қайтып, жарияланымды өшіріп тастаған.
Біраз адамдар балағаттап жазған соң алып тастадым. Өзім құрметтейтін бауырларым ғой. «Жаңа студияны күтеміз» деп жазғанда алмас едім. Олардың да дұшпандары баршылық екен, - деді М.Жүнісова.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді