Ата-аналардың қаперіне: Балаңыз мектепке бармаса, үйіңізге кімдер келуі мүмкін?

Ата-аналардың қаперіне: Балаңыз мектепке бармаса, үйіңізге кімдер келуі мүмкін?

02.07.2026 17:46
Аян Қайырбаев
Фото: El.kz

Қазақстанда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу қағидалары өзгерді. Енді мемлекеттік органдар бірнеше цифрлық дерекқордағы мәліметтерді тұрақты түрде салыстырып, білім алмай жүрген балаларды автоматты түрде анықтайтын болады.

Мектепке бармайтын балалар қалай анықталады?

Жаңа тәртіпке сәйкес, Қазақстан аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын туғаннан 18 жасқа дейінгі барлық балалардың бірыңғай дерекқоры жасалады. Бұл ретте баланың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуы міндетті емес.

Балаларды есепке алу тоқсан сайын жүргізіледі. Ол үшін Ұлттық білім беру деректер қоры мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер автоматты түрде салыстырылады. Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін бұл жұмыс 20 қыркүйектен кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

Одан кейін білім басқармалары мен мектептер баланың білім беру ұйымына барып жүргенін тексереді. Егер мемлекеттік базаларда бала туралы мәлімет болғанымен, оның қай мектепте оқитыны жөнінде ақпарат болмаса, жүйе мұндай жағдайды автоматты түрде анықтайды.

Фото: Артем Чурсинов

Қандай деректер салыстырылады?

Ақпарат бірнеше мемлекеттік ақпараттық жүйеден алынады. Атап айтқанда:

Мемлекеттік органдар әр тоқсан сайын балалар туралы мәліметтерді білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды. Мәліметтерді салыстыру нәтижесінде білім беру ұйымдарында оқымайтын балалардың тізімі жасалып, ол Ұлттық білім беру деректер қорына енгізіледі.

Бірыңғай базада баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні және тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.

Фото: Артем Чурсинов

Егер бала оқымайтыны анықталса не болады?

Тексеру барысында ата-анасы немесе заңды өкілдері баланың білім алуына кедергі келтіретіні анықталса, мектеп әкімшілігі олармен дереу жұмыс жүргізіп, баланы оқуға тарту шараларын қабылдайды.

Сонымен қатар бұл туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға хабарланады. Ақпарат тиісті шешім қабылдау үшін білім басқармаларына да жіберіледі.

Бұдан бөлек, мәліметтер ішкі істер органдарына беріледі. Осыдан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала мен оның отбасы профилактикалық есепке қойылуы мүмкін.

Жаңа қағидалар Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Құжаттың негізгі нормалары 2026 жылғы 28 маусымнан бастап күшіне енді, ал жаңа дереккөздерді пайдалану тәртібіне қатысты өзгерістер 12 шілдеден бастап қолданылады.

Оқи отырыңыз