Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКалифорния университетінің (Ирвайн) ғалымдары жетекшілік еткен халықаралық зерттеушілер тобы ғарыштық TESS телескопының деректерін пайдалана отырып, қасиеттері бойынша бір мезгілде Юпитерге де, Сатурнға да ұқсайтын екі экзопланетаны ашты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ашылған аспан денелері TOI-5916 b және TOI-6158 b деп аталды. Екеуі де қызыл ергежейлі жұлдыздарды (М класындағы жұлдыздар) айналып жүреді. Бұл жұлдыздар Күннен шамамен екі есе кіші әрі жеңіл. Планеталардың тығыздығы Сатурнға, ал өлшемдері Юпитерге ұқсас.
TOI-5916 b планетасының радиусы – Юпитер радиусының 1,05 есесі, ал массасы – 0,69 есесі. Ол өз жұлдызын небәрі 2,37 тәулікте айналып шығады және 0,028 астрономиялық бірлік қашықтықта орналасқан. Сол себепті ондағы температура шамамен 440°C-қа жетеді.
Ал екінші планета – TOI-6158 b сәл кішілеу: радиусы 0,93, массасы 0,42 Юпитерге тең. Ондағы бір жыл 3,04 жер тәулігіне созылады, температурасы шамамен 362°C.
Бұл екі экзопланета ғарыш өлшемімен алғанда Жерге жақын, яғни тиісінше 592 және 639 жарық жылы қашықтықта орналасқан.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді