Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстананың іргесінде орналасқан ауылда жаттығу кезінде 10 жастағы оқушы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында Арнайы дайындық орталығындағы жаттығу кезінде он жастағы тәрбиеленуші кенеттен қайтыс болған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы құтқарып қала алмаған.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, он жастағы спортшы спорт залдағы сабақ үстінде көз жұмған. Көмек көрсете алмаған қызметкерлері үшін облыстық жедел жәрдем станциясының жетекшісі жұмысынан шеттетілгені белгілі болды.
Полиция ұл баланың қазасына байланысты тергеу басталғанын жеткізді.
Қазіргі таңда өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер