Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстананың 25 жылдығына орай елордада жас жұбайлар үшін теплоходпен некеге тұру салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас жұбайларды осындай маңызды қадаммен Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтады.
Елорданың 25 жылдығына орай 10 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдени-ойын-сауық, спорттық және іскерлік сипаттағы 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1200 орындық мектеп, кондитерлік фабрика сияқты әлеуметтік нысандардың ашылуы да бар. Бүгін біз Байқоңыр ауданында тұратын жас жұбайларға неке қию куәлігін салтанатты түрде тапсырдық. Бұл іс-шара жыл сайын қала күні қарсаңында өтетіні дәстүрге айналды. 25 жыл ішінде елордада 200 000-нан астам неке тіркелді, нәтижесінде 420 000 сәби дүниеге келді. Бұл бүкіл қаланың тұрғындарына тең. Осының арқасында елорданы жас қала, армандар орындалатын мекен деп атауға болады, – деді әкімнің орынбасары.
Жас жұбайлар Үсен мен Гүлнәр Мұсайбек жағалауға алғашқылардың бірі болып келіп, өз әсерлерімен бөлісті.
Бізге ХҚКО-да бүгінгідей салтанатты тіркеу ұсынылғанда, біз қуана келістік. Біз некемізді су үстінде тіркеуге және әкім орынбасарының қолынан куәлік алғанымызға қуаныштымыз, – деп бөлісті олар.
Іс-шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі ұйымдастырды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары