18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Әлемдегі ең биік ғимарат Дубайда орналасқан – Burj Khalifa (Бурдж-Халифа). Оның биіктігі – 828 метр. Әзірге, бұл рекордты ешкім жаңалаған жоқ. Ал біздің Астанадағы ғимараттардың биіктігі қаншаға жетеді екен?
«Абу-Даби Плаза» – тек Қазақстанда емес, Орта Азиядағы ең биік ғимарат. Аумағы – 510 мың шаршы метр. 88 қабаттан тұратын ғимараттың ең биік нүктесі – 382 метрге дейін жетеді. Кешеннің ішінде қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы бәрі-бәрі болады.
«Меруертті мекен» – әкімшілік ғимараттар кешені. Биіктіктері әр түрлі көп қабатты үйлерден (37, 40, 53 қабат) құралған. Ең биігі 210 метрге дейін жетеді. Жалпы ауданы – 280 000 шаршы метр. Ғимараттың 32-қабаттан бастап аумағы кеңейіп, соңғы қабаттары 15 метрге артық болып келеді.
«Солтүстік шұғыла» кешені – 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады. 2008 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ауданы – 130 мың шаршы метр. Пәтерлер саны – 165. «Хай-тек» стилінде тұрғызылған кешенінің биіктігі 180 метрге жетеді. Тұрғын үй қаланың сол жағалауында Сулы-жасыл бульварда орналасқан.
«Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ бас кеңсесінің ғимаратында Барлық жүк және жолаушы тасымалдау процесіне диспетчерлік басшылық орналасқан. Биіктігі – 175 метр. 37 және 40 қабаттан тұратын екі ғимарат бар. 2010 жылы пайдалануға берілген.
«TRANSPORT TOWER» (көлік және коммуникация ғимараты) ғимараты Астанадағы биік ғимараттардың бірі. Ауданы – 32 394 шаршы метр. Ал биіктігі – 155 метрге жетеді.
«Хан Шатыр» – Астанада орналасқан сауда және ойын-сауық кешені. 2010 жылы пайдалануға берілді. «Хан Шатыр» СОО ғимаратында сауда бутиктері, кафе, мейрамханалар, балалар ойын-сауық орталығы, дара рельсті жол, кинотеатр, сондай-ақ, бірегей тропиктік жағажай орналасқан. Кешеннің шатыры – әлемдегі ең үлкен шатыр болып табылады. Құрылыстың жобасын архитектор Норман Фостер жасаған. Биіктігі – 150 метр.
«Гранд Алатау» кешені 2009 жылы пайдалануға берілді. Кешен бір платформада біріккен төрт ғимараттан (20, 28, 38, 43 қабатты) тұрады. Биік нүктесі – 144 метр. Бұл кешен Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
«Астана салтанаты» тұрғын үй кешенінің биіктігі – 142 метр. 2006 жылы салынған кешен 39 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы – 113 000 шаршы метрді құрайды.
«Капитал» – тұрғын үй кешенінің биіктігі 100 метрге дейін жетеді. 29 қабаттан, 218 пәтерден тұрады.
Парламент мәжілісінің ғимараты төрт блоктан тұрады. Кешеннің жалпы аумағы – 26 800 шаршы метрді құрайды. 22 қабаттан тұратын ғимарат биіктігі – 100 метр.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр