Астаналықтар саны алғаш рет 1,7 миллионнан асты: Қазақстан халқының жаңа көрсеткіші

Астаналықтар саны алғаш рет 1,7 миллионнан асты: Қазақстан халқының жаңа көрсеткіші

Амангүл Тілейқызы
Фото: El.kz архиві

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған деректерді жариялады. Мәліметке сәйкес, Астана тұрғындарының саны алғаш рет 1,7 миллионнан асты.

1 тамыздағы есеп бойынша елордада 1 690 605 адам тұрса, күздің алғашқы айына қарай бұл көрсеткіш 1 700 385 адамға жеткен. Яғни небәрі бір айдың ішінде Астана халқы 9 780 адамға көбейді.

Жыл басынан бері елорда тұрғындарының саны 61 209 адамға артқан.

Халқы ең көп өңірлер

Қазақстанда халық саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мегаполисте 2 387 896 адам тұрады. Бір айдың ішінде қала халқы 8 мыңнан астам адамға көбейген.

Екінші орында – Түркістан облысы. Өңір тұрғындарының саны 2 142 709 адамды құрады. Алайда тамыз айымен салыстырғанда облыс халқы 2 мыңнан астам адамға азайған.

El.kz архиві 

Бұдан бөлек, халық саны 1 миллионнан асатын өңірлер қатарында:

Халқы ең аз өңірлер

Қазақстандағы халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 217 274 адам тұрады.

Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы – 510 756 адам және Абай облысы – 590 702 адам.

Қазақстан халқы 20,6 миллионнан асты

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 20 618 796 адамға жетті. Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 118 974 адамға көбейген.

Қазақстандықтардың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны 13 236 041 адамды құрап, жыл басынан бері 150 931 адамға артқан.

Ал ауылдық жерлерде 7 382 755 адам тұрады. Жыл басынан бері ауыл халқы 31 957 адамға азайған.

Осылайша, статистика елдегі урбандалу үрдісінің жалғасып жатқанын көрсетеді: жалпы халық саны өсіп жатқанымен, өсім негізінен қалалардың есебінен қалыптасып отыр.

Оқи отырыңыз

{