19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ғылым және жоғары білім министрінен БАҚ өкілдері Алматыдағы жер сілкінісінің күші Астанаға дейін жету себебін сұрады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәслихатында журналист министрге «Алматыда болған жер дүмпуі неге Астанаға дейін жетті? Себебін түсіндіре аласыз ба?» деп сауал тастады.
Министр сейсмологияның үлкен ғылым екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар күшті жер сілкінісі болғанын айтты.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан және Қытай шекарасында, 250-260 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі қатты болды. Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 балл болды. Жер сілкінісінің толқыны оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталды. Астаналықтар оны әлсіз болса да сезді, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, бұған дейін ҚазҰУ жатақханасында аздаған жарықшақтар анықталғаны туралы жаздық.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары