19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бүгін Астана қаласындағы халықаралық әуежайында 3×3 хоккейден алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген спортшыларымызды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет бақ сынап, барлық қарсыластарымызбен соңына дейін айқастық. Алғашқы Польшамен өткен кездесуде ірі жеңіске жеткенімен, Аустриямен теңдей ойында 8:9 есебімен жеңілдік. Бірінші жеңіліс командамызға эмоциялық тұрғыда әсер етті. Дегенмен, қола жүлдеге үшін ойында қайта жолығып, есемізді қайтара алдық. Қандай қорытынды шығаруға болады? Салыстырмалы түрде біз Латвиядан кейін ең көп 104 шайба соққан команда атандық. Әйтсе де, көптеген мүмкіндіктерді қолдана алмадық. Кемшілігіміз — қорғанысымыздың тұрақсыздығы. Себебі, 9 ойында қақпамызға 83 шайба өткізіп алдық. Тіпті чемпион атанған Латвиямен бірінші кезеңде ұтқанымызбен, кейін бірнеше шайба жібердік. Жалпы, Олимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының тізіміне еніп, ел намысын қорғағанымды мақтан тұтамын, - деді хоккейші Жаһангер Тілеухан.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары