19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен қола жүлдегер атанған елордалық Жәмила Бақбергенова елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Белградтағы әлем чемпионатына 77 мемлекеттен 1000-ға тарта күрес шеберлері қатысты. Айтулы бәсекеде жерлесіміз Жәмилә 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдені еншіледі.
Бұл 27 жастағы елордалық спортшының дүние жүзі бәсекесіндегі қатарынан үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған.
Жанкүйерлердің қолдауын шын сезіндім. Маған демеу берген жандарға көп рақмет!
Әлем чемпионаты мен үшін қоламен аяқталды. Әрине, алтын не күміс алсам деген мақсатым болды. Бірақ бұйырғаны қола медаль екен. Алдымызда үлкен жарыс, яғни жазғы Азия ойындары күтіп тұр, бұйырса сәл тынығып жол жүреміз, - деді әлем чемпионатының қола жүлдегері Жәмила Бақбергенова.
Айта кету керек, Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ балуаны. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).
Енді Астана қаласының балуаны Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта күресетін болады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары