19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қауіпсіз қоғам құруға бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында елордада екі күн ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 11 көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Операция барысында полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Шетелдік көлік жүргізушісі бір айда 17 рет жол жүрісі қағидасын бұзған. Оған шамамен 190 мың теңгеге айыппұл салынған.
Көрші мемлекетте тіркелген Toyota автокөлігінің жүргізушісі қыркүйек айынан бастап 13 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Ер адамда шамамен 150 мың теңге төленбеген айыппұл бар.
Осы құқық бұзушылықтар бойынша автокөлік иелеріне берешегі туралы хабарланды. Көлік құралдары коммуналдық айыппұл тұрағына қамалды.
Астана полициясы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары