19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Астана қаласының велошабандозы күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астаналық Дмитрий Груздев ерлер арасындағы жекелей сында мәреге 50:20 секундта жетіп, екінші орынға ие болды.
Азия чемпионатына дайындығым жақсы өтті. Осы аралықта жаттығу жиындарынан өттік. Жеңіс маңдай термен келді, көп еңбектендік, жаттықтық, еңбек өз нәтижесін берді, - деді Дмитрий Груздев.
Айта кетсек, жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама аралас командалық эстафетаны алтынмен бастаған болатын. Құрама сапында Астана қаласының спортшысы Дмитрий Груздев өнер көрсетті.Қазақстандық велошабандоздар 40 км жолды 51 минут 08 секундта бағындырды.
12 маусымға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесіне 30 елден 450-ге жуық қатысушы жиналды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары