23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астаналық жоғары сынып оқушылары республикалық деңгейдегі президенттік және лингвистикалық олимпиадалар, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы, қалалық және республикалық «Абай оқулары», «Ақселеу оқулары», «Қадыр оқулары», «Мағжан оқулары», интеллектуалдық және шығармашылық байқаулар: «Абай әлемі», «Менің кіші Отаным», «Менің бастамам – менің Отаным үшін», халықаралық STEM олимпиадасы, «Robotek Grand Tournament» республикалық робототехника турнирі, робототехникадан ғылыми-техникалық жобалар байқауларына белсенді қатысады.
Жыл сайын олимпиада қозғалысының сапасы артып, қатысушылар қатары көбейіп келеді. Тек 2023 жылдың өзінде Астана олимпиадашылары 522 медаль иеленді, оның 257-сі республикалық, 265-і халықаралық. Астана құрамасы жыл сайын «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алады, - дейді басқарма басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева.
Зияткерлік олимпиадаларға сапалы дайындалу және сәтті өнер көрсету үшін «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы каникул күндері оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Жиын кезінде өткен жылдардағы халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері тәжірибелерімен бөлісіп, жас зияткерлер дайындығына өз үлестерін қосып отырады.
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауға және олардың талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқу орнын таңдауға көмектесу үшін орталықта «Qabilet» кәсіптік бағдар беру қызметі оқушылардың зияткерлік қабілеттерін анықтау үшін диагностика жүргізіп, кәсіби кеңес береді.
Дарынды балаларды қолдау және ынталандыру мақсатында қала әкімі жыл сайын елорданың дарынды оқушылары – халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездеседі. Оқушылар Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.
Сондай-ақ Астанадағы білім беру саласының жүйелі және жемісті жұмысының арқасында халықаралық рейтингтік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (IMO, ICho, IPho, IGeo, IOI, IOL) қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру гранттарын иеленсе, сонымен қатар беделді шетел университеттеріне 100% жеңілдікпен оқуға шақырту алады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады