23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТәжікстанның Худжанд қаласында жастар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтулы додада ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен елордалық боз кілем шебері Мадина Жомартова 52 келі салмақ бойынша белдесіп, әлем чемпионы атанды.
Үш күнге созылған бәсекеде 2003-2005 жылы туған 15 елден келген 250-ге жуық спортшы қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Египет, Тәжікстан,Түрікменстан, Молдова, Моңғолия, Нигерия, Колумбия, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина және Марокко елдері.
Жарыс еркін және классикалық стильде, ұлдар 8, ал қыздар 3 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орында Өзбекстан құрамасы, Түрікменстан спортшылары екінші орынды иеленсе, отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді.
Жалпы белбеу күресінен ұлттық құраманың қоржынында 3 алтын медаль, 4 қола және 3 күміс медаль бар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады