20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТокиода ЕҰУ профессорына Геотехника саласына қосқан үлесі үшін сыйлық берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жапонияда Еуразия ұлттық университетінің профессорына ЕҰУ геотехникалық институтының директоры Асқар Жүсіпбековке жапондық геотехникалық және қазақстандық геотехникалық қауымдастықтар арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше еңбегі үшін Жапон геотехникалық қауымдастығының сыйлығы берілді. Марапатты Жапония геотехникалық қауымдастығының президенті Юничи Косеки тапсырды.
Профессор Асқар Жүсіпбеков жетекшілік ететін ЕҰУ-дың 20 докторанты Жапонияның жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ 20-дан астам жапондық профессорлар Қазақстанның жоғары оқу орындарында дәріс оқыды. Киото университетімен және гео-зерттеу институтымен (Осака қ.) бірлесіп Астана үшін геоақпараттық деректер базасы әзірленді.
Сондай-ақ, ЕҰУ ғалымы 20-дан астам жапон университеттері мен ірі жапон геотехникалық орталықтарына дәріс оқыды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?