Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстананың екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдіктерге заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық прокуратура мәліметінше, олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған.
Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеді. Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.
Заңсыз алынған 107 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасында ақшалай қаражаттар мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді