19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астаналық азамат ұрланған велосипедтерді құрылыс базарына апарып, сатып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің полицейлері екі велосипед ұрлығына қатысы бар, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған елорданың 41 жастағы тұрғынын анықтады. Мәселен, тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта Қосшығұлұлы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде біреудің велосипедін алып кеткені анықталды. Велосипед сегізінші және тоғызыншы қабаттар арасындағы баспалдақта тұрған, құлыппен бекітілмеген.
Күдікті құны 80 мың теңге болатын екі дөңгелекті көлікті құрылыс базарына апарып, 13 мың теңгеге сатқан. Ал келесі күні сол көшеде ол 49 мың теңге тұратын BMW A-power екі дөңгелекті көлікті ұрлап, сатқан. Мойындау айғақтарын берген ер адам қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары