Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана қаласындағы № 108 орта мектептегі бастауыш сынып оқушыларының әкелері бүлдіршін қыздарымен ерекше би биледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 50 әке Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аналар мен қыздарға деген құрметін көрсетті. Шараның мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, әкелер мен балалар арасындағы ерекше байланысты көрсету, сондай-ақ аналар мен қыздарға деген шынайы сүйіспеншілік пен құрметті білдіру болды.
Би билеу кезінде әкелер мен қыздар бірлесіп, кәсіби хореографтардың жетекшілігімен дайындаған билерін орындады.
Ұйымдастырушылар әкелердің өз қыздарымен бірге өнер көрсетуінің ерекше мәні бар екенін атап өтті. Себебі бұл олардың бір-бірімен уақыт өткізіп, рухани жақындасып, өнер арқылы отбасындағы махаббат пен сыйластықты нығайтуға септігін тигізеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді