20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанаға Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысу үшін Қырғызстан президенті келді, онда интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелері талқыланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Садыр Жапаровты премьер-министр Олжас Бектенов әуежайда қарсы алды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 26%-дан астам өсті. Осы жылдың 5 айында өзара сауда көлемі $614,3 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 6,7%-ға артты.
Қазіргі уақытта биылғы сәуір айында екі мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынасты тереңдету және кеңейту туралы шарт ережелерін іске асыру бойынша үкіметтер деңгейінде бірлескен жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастықты арттыру, су-энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдету жұмыстары атқарылуда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?