20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШетелдік әріптестермен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы Дидар Әбішев кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Беларусь тарапынан аталмыш шараға басқарма бастығының орынбасары – БР Қорғаныс министрлігі құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы әділет полковнигі Александр Гладышев және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы бөлім бастығының орынбасары әділет подполковнигі Александр Шикалович қатысты.
Брифинг барысында тараптар құқықтық қамтамасыз ету органдарының жүйесі және олардың даму перспективалары туралы презентациялық материалдар көрсетті. Қарулы күштердің қызметін құқықтық қолдаудың проблемалық мәселелері жөнінде кеңесіп, пікір алмасты.
Беларусь елінен келген қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне және ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барып, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің экспозициясымен танысты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?