Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада 21 қыркүйекте әйгілі поп-группа Backstreet Boys алғаш рет өнер көрсетеді. Концертке билеттер сату бірнеше күннен кейін басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Сахнаға топтың бастапқы құрамындағы бес қатысушы – Ник Картер, Эй Джей Маклин, Хауи Доро, Кевин Ричардсон және Брайан Литрелл шығады. Бағдарламада әлемдік хиттер – I Want It That Way, Everybody (Backstreet’s Back), As Long As You Love Me, Show Me The Meaning of Being Lonely, Shape of My Heart, сондай-ақ жаңа альбомдардан композициялар орындалады.
Концерттің ерекшелігі – ақ түсті дресс-код.
Ұйымдастырушылар қазақстандық көрермендерді осы әлемдік үрдіске қосылып, ақ киім киіп, сүйікті хиттермен бірге 2000-жылдардың атмосферасына енуге шақырады.
Концерттің ұйымдастырушысы – Astana Concert компаниясы. Іс-шара 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді.
Билеттер сату 14 шілде күні сағат 12:00-де басталады.
Ал 15 шілдеден бастап билеттер Ticketon.kz сайтында сатылады. Онда төлем жасаудың 10 түрлі тәсілі бар, соның ішінде бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді