Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіНұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде алдын шамамен 50 га алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнында ТЖ-ды жылдам жою үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстауда.
Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.
2 трактор жану периметрі бойынша жерді жыртуда. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр.
Ауа температурасы +23 С. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылды, 18 рет шамамен 63 тонна су төгінді.
ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы келе жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады