29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБауырлас Әзербайжан боксшылары Әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
World Boxing ұйымдастыруымен Астанадағы Әлем кубогіне қатысатын командалар елордаға жиналып жатыр.
Аталған байрақты бәсекеде Әзербайжан ұлттық құрамасы да бақ сынайды.
Әзербайжан сапында бірқатар танымал спортшылар бар.
Олар: U23 санатында 48 келіде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Турал Сариев, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ниджат Гусейнов бар.
Сонымен қатар, әйелдер құрамасы да осал емес. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Марджона Савриева, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Зейнеп Рахимова мен Айнур Микаилова да жарысқа қатысады.
Айта кетейік, Астанада АҚШ, Канада, Франция, Әзербайжан, Финляндия, Швеция, Сербия тағы басқа мемлекеттің боксшылары 29 маусымға дейін соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Дүбірлі дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында бас қаладағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек