13.04.2023
20:30
2617
Астанадан Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға оралды

Астанадан Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға оралды

13 сәуір күні Астанадан Алматыға бағыт алған ұшақ техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Астана-Алматы" рейсін орындау кезінде баптау жүйесінің индикациясы іске қосылды. Экипаж ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады", - делінген Scat әуе компаниясының хабарламасында.

Аталған рейс жолаушылары жақын уақытта басқа ұшаққа отырғызылады.

Айта кетейік, Астанадағы халықаралық әуежайының маңындағы қамыс өртенді.

Әлеуметтік желілерде таралған видеоларға қарағанда, өрт әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындап қалған.

Халықаралық әуежай мәліметінше, бұл жайт әуе рейстерінің уақытына кері әсер еткен жоқ. Яғни Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.