30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБиыл 10 желтоқсаннан бастап пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесі бойынша тальгоның төрт жолаушы құрамы Астанадан Алматы мен Шымкент қалаларына дейін кешкі уақытта қатынайтын болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар 20 минут аралықпен жүреді.
Жолаушылар пойыздарының кешкі кесте бойынша қозғалысы жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты, сондай-ақ құрамдарға техникалық қызмет көрсетудің толық ауқымын қамтамасыз етеді.
Жолаушылар пойыздарының «пакеттік» мына келесі бағыттар бойынша Астанадан шығу уақытына сәйкес жүргізіледі:
- №86/85 Астана (Нұрлы Жол) – Шымкент сағат 20:00-де;
- №4/3 Астана (Нұрлы Жол) – Алматы-2 сағат 20:20-да;
- №72/71 Астана (Нұрлы Жол) - Шымкент сағат 20:40-та;
- №10/9 Астана (Нұр-Сұлтан 1) – Алматы-2 сағат 20:58-де.
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ елордалық вокзалдарда бір мезетте төрт пойыз қатарынан тұратынын ескерте отырып, жолаушыларға пойызға отыру кезінде оның нөміріне және жөнелту уақытына назар аударуды ұсынады.
Ұлттық тасымалдаушы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасына сәйкес жаңа көлік маршруттарын құруға, маршруттық желіні және пойыздар қозғалысының кестесін өзгертуге негізделген интермодальдық тасымалдарды дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асырады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды