Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада бірнеше күннен бері толассыз қар жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 23 желтоқсанда күндізгі ауысымға 1600-ден астам арнайы техника мен 2,6 мыңнан астам коммуналдық қызметкер қар күреуге шықты.
23 желтоқсанда түнгі ауысымға қар күреу жұмысына 366 жол жұмысшы мен 1509 арнайы техника жұмылдырылды.
Астанадан түнде 4000-ға жуық ауыр жүк рейсі немесе 54390 текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 108 993 рейс арқылы 1,38 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?