Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚыс мезгілі басталғаннан бері Астанадан 79881 рейспен миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желтоқсанның 14-інен 15-іне қараған түнде қала көшелерінен қар мен мұзды жинауға 160-тан астам жол жұмысшысы мен 600-ден астам арнайы техника шықты.
14 желтоқсан күні қар полигондарына ауыр жүк көлікпен 803 рейс, 10152 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қала әкімдігі ережеге сәйкес ең алдымен қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланатынын алға тартты. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие. Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұраймыз,-делінген мәліметте.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар