Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанаға 19-20 қазан күндері Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары 1200 тоннадан астам өнім әкеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы елордаға 735 тоннадан астам өнімді әкеледі. Оның үштен бірі – картоп пен көкөністер. Сондай-ақ солтүстіктік фермерлер барлық түрдегі ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, ұн, шұжық және макарон өнімдерін әкеледі.
Шығыс Қазақстан облысы елорда тұрғындары мен қонақтарын аймаққа әйгілі балмен қуантады, бұл – шамамен 70 тонна. Сондай-ақ 40 тоннаға жуық ауылшаруашылық жануарлары мен құс еті және т.б. әкеледі.
Қарағанды облысының аграршылары 400 тоннаға жуық өнім ұсынады, оның жартысы – картоп пен көкөністер. Сондай-ақ барлық түрдегі ет, елордалық дүкендерде сұранысқа ие сүт өнімдері, балық және басқа да өнімдер бар.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке барысында аталған өңірлерден келген әртістердің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етілді.
Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?