Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы әскери жоғары оқу орнына Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры доктор Эрхан Афионжудың басшылығымен түрік делегациясы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев шетелдік делегацияны қабылдады. Хаттамалық кездесу барысында тараптар әскери білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде түрік әріптестерге ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті өкілдерінің, Құрлық әскерлері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Әуе қорғанысы күштері әскери институты бастықтарының қатысуымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Түрік делегациясы Қазақстанның әскери білім беру жүйесімен, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің материалдық-техникалық базасымен және білім ордаларының оқыту бағдарламаларымен танысты.
Әскери білім мен ғылымның өзекті мәселелері талқыланған брифингтер, дәрістер ұйымдастырылды.
Бұдан өзге шетелдік делегация мүшелері орыс және түрік тілдері бойынша курстық даярлықтан өткен әскери қызметшілердің салтанатты оқуды аяқтау рәсіміне қатысты.
Түрік әскери қызметшілерінің сапары Қазақстан мен Түркияның қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспары шеңберінде өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?