Астанадағы Ұлттық пантеонда 4 орын ғана бос қалды

19 Шілде 2023, 10:44 3863

Астана қаласының мәслихат депутаттары жерлеу рәсімдерін цифрландыру және жерлеу орындарын күтіп ұстау мәселесін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мәслихат отырысында Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы Ұлттық пантеонның жағдайына тоқталды.

Ұлттық пантеон Астанадан 17 шақырым жерде, Қабанбай батыр кесенесінің айналысында орналасқан. Пантеонның жалпы ауданы – 4 гектар. 25 жерлеу орны бар. Оның ішінде қазір 21 орында жерлеу жұмысы жүргізілген, яғни 25 орынның төртеуі ғана бос қалып тұр, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ Ұлттық пантеон мемлекет, мәдениет, ғылым қайраткерлерін және Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтарды еске алу үшін құрылған мемориалдық маңызы бар обьект болып есептелетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 24 наурызда "Ашық НҚА" порталында Ұлттық пантеонға жерленетін Қазақстанның көрнекті тұлғаларының тізімін қайта қарау туралы қаулысы жобасы жарияланған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: