Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖанжал Астананың түнгі клубтарының бірінде, күзетші мен клубқа келуші арасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейінірек «102» арнасына Қарағанды тасжолында жол жиегінде жаппай төбелес жүріп жатқаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 17 адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Төбелеске түнгі клуб күзетшілері мен келушілер қатысқаны белгілі болды. Жанжал кезінде қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданып, бірнеше рет оқ атқан.
Тергеу шаралары барысында полицейлер тегіс ұңғылы мылтықты тауып, тәркіледі.
Аталған қылмысты жасаған күдіктілер Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның қалған қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді