19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада Okadzaki тамақтану желісінің бірінде болған жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазір Астана полициясы қажетті сараптамаларды тағайындап, сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Осыдан бір апта бұрын 37 адам, тағамнан уланып, жоспардан тыс тексеру басталған. Сушидің түр-түрін әзірлейтін Okadzaki желісі алғаш рет дауға қалып отырған жоқ. 2022 жылы да осы мейрамхана желісінің бірінде 100-ге жуық адам уланған. Кейін қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен 1 миллион 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Желіге тиесілі бір нысан қызметін тоқтатқан. Ал, жаңа жыл алдында уланған 37 адамның оқиғасына қатысты нысанда санитарлық талап сақталмаған деген болжам бар.
Аталған факті бойынша Есіл аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК 304 яғни, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы Астана қаласы ПД басшылығына бақылауға алынды, - деді Астана қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлмира Шрахметова.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары