Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖеліде Астана қаласындағы №73 мектеп-лицейде түсірілген тарақандардың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, мектеп ғимаратын соңғы рет дезинфекциялау 2023 жылдың 15 желтоқсанында жүргізілген. №73 мектеп-лицейінде ай сайын жалпы санитарлық дезинфекция жүргізіледі.
Желтоқсан айында санитарлық тазарту жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен санитарлық тазалау қызметін ұсынатын мердігер компанияға талап-арыз жолданатын болады. Білім беру мекемесін, оның ішінде жертөлелерді толық дезинфекциялау 2024 жылдың 12 қаңтарына жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жәндіктер табылған киім ауыстыратын бөлме басқа бөлмеге ауыстырылған. Дезинфекциялау жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтан кейін, кешкі уақытта жүргізіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді