Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚұрылыс алаңында альпинистердің құлау дерегі бойынша жұмыс беруші қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болған еді.
Ведомство мәліметінше, Полиция департаменті ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігі «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Тергеу барысында жұмыс беруші жеке кәсіпкерлік басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы жеке кәсіпкерлік басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды, – делінген ведомство хабарламасында.
Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер