20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада өткен ерекше дрон-шоуға ондаған мың көрермен жиналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
20 минутқа созылған мерекелік бағдарлама барысында аспанда заң, тәртіп және қауіпсіздік тақырыбына арналған түрлі-түсті жарық композициялар бейнеленді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шоуға 550 дрон қатысты. Бұл көрініс Қазақстан полициясы күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды.
Еске сала кетейік, Астанада «Заң және Тәртіп» қағидаты жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында түрлі шаралар – акциялар, рейдтер, тұрғындармен кездесулер, профилактикалық дәрістер өткізіледі.
Игі бастаманың басты мақсаты – халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту және заңға бағыну құндылықтарын дәріптеу.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?